ХҚКО-да күтусіз: жаңа сервис келуді алдын ала жоспарлауға көмектеседі
Орал қаласының тұрғындары «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электрондық кезектің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылай алады.
Жаңа «Онлайн-табло» сервисі таңдалған ХҚКО-да қазіргі уақытта қай талон нөміріне қызмет көрсетіліп жатқанын көруге және келу уақытын алдын ала есептеуге мүмкіндік береді. Бұл күту уақытын қысқартып, мемлекеттік қызметтерді алуды барынша ыңғайлы етеді.
Сервисті пайдалану жолы:
Сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында қолжетімді.
Онлайн-таблоның енгізілуі – цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытудағы кезекті қадам. Бұл сервис қызмет көрсету сапасын арттыруға және азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған.
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер, Болашақ және Қараоба ауылдық округтері әкімідерінің сайлауы бойынша сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы ақпарат
Учаскелік сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер, Болашақ және Қараоба ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша 2026 жылғы 5 шілде күнгі сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Ақпәтер ауылдық округінде сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 10,73%, Болашақ ауылдық округінде сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 19,97% және Қараоба ауылдық округінде сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 24,46% алды.
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер, Болашақ және Қараоба ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау учаскелерін ашу туралы хабарлама
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округінің №240, Болашақ ауылдық округінің №235, №236, №239 және Қараоба ауылдық округінің №233, №234 учаскелік сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2026 жылғы 5 шілде күнгі сағат 07.00-дегі жағдай бойынша Ақпәтер ауылдық округінде бір, Болашақ ауылдық округінде үш және Қараоба ауылдық округінде екі сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де және сайлаушылардың келуінің қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады.