Меню

Страницы

Статья

Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ауылдық округтері әкімдерінің кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы хабарламасы

2021 жылдың 14 шілдеде сағат 18.00-де Казталов, Бостандық, Көктерек және Жаңажол ауылдық округтері әкімдерінің кандидаттарды тіркеуі аяқталды.

2021 жылдың  26 маусымнан 2021 жылдың 9 шілдеге аралығында ұсыну қорытындысы бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясына саяси партиялардан және өзін-өзі ұсынушылардан ауылдық округ әкіміне кандидат болу үшін 15 ұсыну өтініштері келіп түсті. 15 ұсынушылардың 9-ы ауылдық округтері әкіміне кандидат болып тіркелді, олар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес, құжаттардың толық тізбесін ұсынып, тиісті мемлекеттік органдардың тексеруінен өтті. 2021 жылдың 14 шілде күні сағат 18.00-ге дейін 5 ұсынушы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шотына өз сайлау жарналарын аудармағандықтан, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес, оларды ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды. 9 шілде күні 1 кандидат Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 8 шілдедегі №01/1076 хатына сәйкес, ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген талаптарына сәйкес келмейтін болғасын тіркелмеді.

Осылайша тіркеудің қорытындысы бойынша:

  1. Казталов ауылдық округінің әкімдігіне 2 кандидат тіркелді: "Nur Otan" партиясынан – 1 кандидат Галимов Е.Б., және өзін-өзі ұсынушыдан 1 кандидат Шарипкалиев Р.С.
  2. Бостандық ауылдық округінің әкімдігіне 3 кандидат тіркелді: "Adal" саяси партиясынан - 1 кандидат Даулетияров Д.К.,  және өзін-өзі ұсынушыдан -  2 кандидат Ихсанов Н.Г. пен Сармалаев А.М.
  3. Көктерек ауылдық округінің әкімдігіне 2 кандидат тіркелді: өзін-өзі ұсынғандардан - 2 кандидат Есенгалиев Б.С. пен Имангалиев Н.Т.
  4. Жаңажол ауылдық округінің әкімдігіне 2 кандидат тіркелді: өзін-өзі ұсынғандардан - 2 кандидат Алдабергенов А.Б. пен Карабалин М.М.
Дата публикации
15 июля 2021
Дата обновления
18 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

07 июля 2026
03 июля 2026
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
03 июля 2026
Күнтізбелік жоспар

Социальные медиа

Kaztalov Aýdany Ákiminiń Apparaty

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері