БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
КАЗТАЛОВ АУДАНЫ АҚПӘТЕР, БОЛАШАҚ ЖӘНЕ ҚАРАОБА АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2026 жылғы 14 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 18.00-де Ақпәтер, Болашақ және Қараоба ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Ақпәтер ауылдық округі бойынша барлығы 5 кандидат ұсынылды, оның ішінде 5 - өзін-өзі ұсынғандар;
Болашақ ауылдық округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 – "Amanat" партиясы, 2 – өзін-өзі ұсынғандар;
Қараоба ауылдық округі бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 4 - өзін-өзі ұсынғандар.
2026 жылғы 14 маусым сағат 18:00-дегі жағдайға Ақпәтер ауылдық округі бойынша – 3, Болашақ ауылдық округі бойынша – 3, Қараоба ауылдық округі бойынша 3 кандидат тіркелді.
Казталов ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы