Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасының басшысы Н. С. Өтепбаев қытайлық Beijing Jinyuanchan biopharmaceutical Technology Co компаниясымен ақбөкендерді жүзеге асыру бойынша кездесу ұйымдастырды. Жиынға сондай-ақ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Н.С. Рақымжанов қатысты. Кездесу барысында ақбөкендердің қазіргі жағдайы мен қолданыстағы заңнама түсіндірілді.