БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үй салу мәселесі 100% шешілді

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үй салу мәселесі 100% шешілді

         Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлер салу жұмыстары толығымен аяқталды.

         Облыста барлығы 775 тұрғын үй салынды - Орал қаласында 375, облыс аудандарында тағы 400 тұрғын үй салынды. Сонымен қатар, бастапқы және қайталама нарықтарда 2100 тұрғын үй сатып алынды. Тұрғын үй демеушілердің қаражаты есебінен сатып алынды.

         Өз кезегінде БҚО әкімі Нариман Төреғалиев мердігер ұйымдардың алдына құрылыс жұмыстарын аяқтап, күзгі маусым басталғанға дейін үйлерді пайдалануға беру міндетін қойды.

         Осылайша, Президенттің су тасқынынан зардап шеккендердің барлығын күз келгенге дейін тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы орындалды.

 

Жарнамалық хабарлама