Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық - инновациялық даму басқармасының басшысы Н.С.Өтепбаевтың төрағалығымен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, бағалау компаниялары мен аудандық кәсіпкерлік бөлімдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу бойынша одан әрі жұмыс алгоритмі талқыланды.