Орал қаласында жағалауды нығайту құрылыстарының құрылысы белсенді түрде жалғасуда

Орал қаласында жағалауды нығайту құрылыстарының құрылысы белсенді түрде жалғасуда

         Облыстық төтенше жағдайлар штабының басшысы Н. Төреғалиевтің тапсырмасы бойынша Орал қаласында жағалауды нығайту құрылысы белсенді түрде жалғасуда.

         Қазіргі уақытта Пугачев ауданынан Жазира ауданына дейінгі жол учаскесінде 3,5 шақырым қорғаныс бөгеттері салынды.

         Аталған іс-шараға Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызметкерлері, «AQJAIYQ» ӘКК» АҚ, Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы қызметі, М. Өтемісов атындағы университеттің еріктілері, сондай-ақ «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Батыс Қазақстан Құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ, «Стройкомбинат» ЖШС, «Зенит «Орал зауыты» АҚ, «Белес-Агро» ЖШС, «Теректі май комбинаты» ЖШС, «Гидромаш-Орион МЖБК» ЖШС, «Стеклосервис» ЖШС өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты.