Материалдық резервті броньсыздандыру

Материалдық резервті броньсыздандыру

         Мемлекет басшысының нұсқауы бойынша материалдық резервті броньсыздандыру жүргізілуде. Осы тапсырма шеңберінде БҚО кәсіпкерлік басқармасы аумақтық қорғаныс Департаментімен бірлесіп, бұқтырылған ет пен қантты қоса алғанда, тамақ өнімдерін жеткізуді жүзеге асырады.

         Жеткізілетін бұқтырылған тағамның жалпы мөлшері 17 мың банкадан асады, ал қант 3,5 тоннаны құрайды.

         Қазіргі уақытта тауарлар Бөрлі және Бәйтерек аудандарына таратылды. Өтінімге сәйкес, өнімдерді одан әрі жіберу өңірдің басқа аудандарында да жүзеге асырылатын болады.