2024 жылғы 8 ақпанда Халықаралық адам институтының Президенті Жанұзақ Мендешұлы Әкім «Орал «Зенит зауыты» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ, «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС, «ОралАгрореммаш» АҚ, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ өнеркәсіп объектілеріне барып, олардың қызметімен және оларды дамыту жоспарларымен танысты. Сапар барысында ынтымақтастық және жаңа технологияларды тарту мәселелері талқыланды.