Облыс әкімі Төреғалиев Н.Т. тапсырмасы бойынша туризм саласын дәріптеу және облыстың танымал туристік объектілерін насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бейнеролик әзірленді.Бұл бейнероликте Хан Ордасы мұражай-кешені, Аққұм шөлі, Шалқар көлі, ең кішкентай сарқырама, Торыатбасы тауы, "Кордон" әуеайлағы, Исаев атындағы бақша питомнигі, "Nurbergen Health Resort" шипажайы және Орал қаласының ең танымал нысандары көрсетілген.