Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына !!!

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына !!!

2023 жылдың 1-15 наурыз аралығында «Әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесін алу үшін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан құжаттар қабылдау жүргізіледі.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесін халықтың әлеуметтік осал топтарының адамдарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін және 4 (төрт) санатта айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтарына арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері ала алады.

Құжаттарды қабылдау: Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

Пошталық мекен-жайы: 090000.

Электрондық пошта мекен-жайы: upiir@bko.gov.kz 

Толық ақпаратты: Орал қаласы, Хамида Чурина 116, 1-қабат, 108 каб. немесе телефондары арқылы білуге болады: 50-64-36.

Нысанасы: 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 11 қарашада №795 «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін айқындау туралы» бекітілген қаулысына сәйкес облыс аумағындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын жүзеге асыруға құжаттарын Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы қабылдайды.

Өтінім берілетін жер: Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы.

Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2023 жылдың 1 наурызынан бастап 2023 жылдың 15 наурыз аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақытпен). Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтінімдер қабылданбайды.

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты:  2023 жылдың 1 наурызы сағат 9.00-ден бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2023 жылдың 15 наурызы сағат 18.00-ға дейін (жергілікті уақыт).