"NURBERGEN HEALTH RESORT"санаторий қонақ үйінің ашылуы

"NURBERGEN HEALTH RESORT"санаторий қонақ үйінің ашылуы

          2023 жылғы 4 ақпанда Батыс Қазақстан облысының әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлының қатысуымен «NURBERGEN HEALTH RESORT» санаторий қонақ үйінің ресми ашылуы өтті.
          «NURBERGEN» қонақ үйінің ашылу салтанаты «NURBERGEN HEALTH RESORT» ЖШС директоры Баемирова Аина Нұрбергеновнамен бірге лентаны кесуден басталды.
Өз құттықтауында облыс әкімі облысымыздың дамуына қуанышты екенін атап өтіп, салтанатты ашылу кешінің қонақтары мен Теректі ауданының тұрғындарын жаңа қонақ үйдің ашылуымен құттықтады.
          Нариман Төреғалиұлы қонақ үйдің ашылуы Ресей Федерациясының көршілес өңірлері мен Қазақстан Республикасының облыстарынан келетін туристер ағынына қосымша серпін беретінін атап өтті.
          Қонақ үйдің нөлінші, екінші және төртінші қабаттарында бөлмелер, қабылдау, әкімшілік, бухгалтерлік бөлім және лаундж бар, ал ас үй мен мейрамхана бірінші қабатта орналасқан. Нөмірлердің жалпы саны - 43. Қонақ үй «NURBERGEN»санаторий кешеніне жатады.