QazTrade қаржылық емес қолдау шаралары

QazTrade қаржылық емес қолдау шаралары

           2023 жылдың 6 ақпанында Орал қаласында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдерінің отандық экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік шаралары туралы бизнесті ақпараттандыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының тауар өндірушілерімен кездесу жоспарлануда. Кездесу Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Aqjaiyq» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен өтуде.
           Кездесу барысында биыл іске асырылып жатқан «Gaztrade Accelerator 2023» және «Alibaba.com» халықаралық сауда алаңына шығару бағдарламалары таныстырылады. Сонымен қатар, бағдарлама аясында облыстың бірқатар кәсіпорындарына («Кублей» ЖШС, «Жайық Ет» ЖШС, «Нұржанар» ЖШС, «Квант» ЖШС, «Тereze style» ЖШС, «Каверина С.В.» ЖК) бару жоспарлануда.