Азық-түлік бағасын тұрақтандыру

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру

        Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі «Алтындар» және «Лидер» сияқты ірі сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 10% - ға дейін төмендету туралы меморандумдар жасақтап қол қойылды.

        Бұл шаралар маусымаралық кезеңде бөлшек сауда бағасының күрт өсуіне жол бермеуге және басқа бөлшек саудагерлер тарапынан бағаның негізсіз көтерілу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.