«Бірыңғай есеп беру күні»

«Бірыңғай есеп беру күні»

        Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Қ. Тоқаевтің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің 2019 жылғы 24 мамырдағы отырысының қорытындылары бойынша берген тапсырмасына сәйкес және ҚР ҰЭМ 2021 жылғы 25 мамырдағы бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күнін өткізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығын орындау шеңберінде, өңірлерде бизнес-қауымдастықтар алдында бақылау және қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні» өткізу тәжірибесі енгізілді.

        «Бірыңғай есеп беру күні» өткізу мақсаты бақылау және қадағалау қызметін реформалау аясында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы міндетті заңдардың бұзылуының жүйелі алдын-алуды дамыту, тұрақты қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

        «Бірыңғай есеп беру күні» бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік субъектілерімен олардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелерін талқылау және бизнес-қоғамдастықтың пікірін қалыптастыру үшін отырыс түрінде өткізіледі.

        Осыған орай, 2022 жылдың 29 қыркүйегінде аралас форматта (офлайн-онлайн) осы іс-шара өткізілетін болады.

        Облыс кәсіпкерлерін мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.

        Өткізу уақыты мен іс-шараға қосылу үшін сілтеме қосымша хабарланатын болады.

        Барлық туындаған сұрақтар бойынша Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 8(7112) 50 64 36 телефоны бойынша хабарласа аласыз.