Ағымдағы жылдың 19-21 шілдесінде Қазақстан Республикасының Гимарайнш қаласындағы Құрметті консулы Жиль Фернандо Тайня Виейра мен португалдық компанияның ресми сапары ұйымдастырылды.

19 шілдеде Батыс Қазақстан облысының әкімі Г.Н.Есқалиевтің Қазақстан Республикасының Гимарайнш қаласындағы Құрметті консулы Жиль Фернандо Тайня Виейра және португалдық компаниялармен жұмыс кездесуі өтті, онда медициналық кластерді дамыту, МЖӘ бойынша өңірде автомобиль жолдары мен су тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Шетелдік тараптан МСА, VHM және Telhabe S.A. сияқты компаниялар қатысты. Құрылысқа, жобалауға, толық инфрақұрылымды жүргізуге мамандандырылған Компаниялар Батыс Қазақстан облысында жобаларды іске асыруға және инвестициялауға үлкен қызығушылық танытты.
Сапар барысында БҚО денсаулық сақтау басқармасы және Орал қаласы әкімдігінің өкілдерімен кездесу өткізілді.