
Құрметті Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері!
Назарларыңызға «Ashyk Kogam» Әлеуметтік даму және инновациялар қоры» қоғамдық қорының 2026 жылы аккредиттеуден өтіп, 2029 жылға дейін келесі орталық мемлекеттік органдар жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің құрамына енгізілгенін хабарлаймыз:
* ҚР Ұлттық экономика министрлігі;
* ҚР Қаржы министрлігі;
* ҚР Сауда және интеграция министрлігі;
* ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2026 жылғы 22 маусымдағы бұйрығына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, оның құрамына Орал қаласындағы «Ashyk Kogam» Әлеуметтік даму және инновациялар қоры» қоғамдық қоры енгізілді.
Ақпарат кәсіпкерлік субъектілерін хабардар ету мақсатында жарияланып отыр.