Конкурсты ұйымдастырушы: Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы
Электрондық пошта мекенжайы: opit-otdel@mail.ru
Байланыс телефоны 8-711-2-50-64-36
Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беретін орын: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.
Өтінім беру мерзімі: 2025жылғы "14" қазаннан бастап 2025 жылғы "20" қазанға дейін қоса алғанда.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.