Меню
Страницы

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

     Орал қаласы                                                                    2026 жылғы 1 шілде

 

Кіріспе бөлім:

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі - Басқарма).

         Талдаудың негізі: Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының 2026 жылғы                     2 маусымдағы №17-НҚ бұйрығы.

Талдауды жүргізу мерзімі: 2026 жыл 15 маусым- 30 маусым.

Талдауды жүргізу кезеңі: 2025 жылғы 2 маусымы-2026 жылғы 30 маусымы.

Басқарма 3 бөлімнен тұрады: кәсіпкерлік және сауда бөлімі, өнеркәсіп және инвестициялар бөлімі, сыртқы экономикалық байланыстар және жинақтау бөлімі.

Басқармаға бағынысты ведомство: «Aqjaiq»ӘКК» АҚ.

Жұмыс тобысының мүшелері: Басқарма басшысының орынбасары                  Б.Т.Сатқалиев, сыртқы экономикалық байланыстар және жинақтау бөлімінің басшысы Ж.Б.Майдан, сыртқы экономикалық байланыстар және жинақтау бөлімінің бас маманы И.Б.Уразгулова.

  1. Персоналды басқарумен, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау.

         Басқарманың жалпы штат саны-21. Қазіргі уақытта нақты саны-19, бос лауазым саны - 2 (1-сыртқы экономикалық байланыстар және жинақтау бөлімінің бас маманы, 2-өнеркәсіп және инвестициялар бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 17.05.2027ж)).

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» №196 бұйрығына сәйкес «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізіледі. Ережеге сәйкес жыл басынан конкурс өткізу арқылы 4 қызметкер қабылданды. Алайда, сыртқы экономикалық байланыстар және жинақтау бөлімінің бас маман лауазымы 2026 жылғы 6 ақпанынан бастап бос лауазым.

Лауазымның ұзақ мерзімді бос болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

Ұсыным: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жариялау және басқарма сыртқы экономикалық байланыстар және жинақтау бөлімінің бас маманы лауазымына конкурс жариялау жөнінде облыс әкімі аппаратына ұсыным жолдау.

 

Сондай-ақ талдау барысында ағымдағы жылда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа және қылмыстық жауаптылыққа тартылу фактілері анықталды.

Өнеркәсіп және инвестициялар бөлімінің бас маманы Бектаубаев Аполлон Исаевич- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағының 8-тармақшасына және 61-бабының 1-тармағының 16-тармақшасына сәйкес 2026 жылдың 7 сәуірінен бастап жұмыстан босатылса, кәсіпкерлік және сауда бөлімінің басшысы Кабдыгалиев Мирам Жасланович- 2026 жылдың 20 мамыр күні алаяқтық фактісімен қылмыстық қудалау органымен ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері аяқталып, қылмыстық іс сот өңдірісінде  қаралуда.

Ұсыным: Басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың және өзгеде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар іс-шаралар күшейту.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақы төлеу  мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау барысында шағымдар болған жоқ.

IІ. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

ІІІ. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №327 бұйрығына сай көрсетіледі.

             Талданып отырған кезеңде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

1)  Кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру- 70;

2)  Кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылым жүргізу- 1.

          3) Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру – 4.

IY.Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру – 4.

Рұқсат беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша қағидаларға өзгерістер енгізу орынды деп санаймыз. Рұқсат беру органының құжаттарды қараудың белгіленген мерзімі, екі жұмыс күні, жеткіліксіз және оны веб-портал жұмысының жиі іркілуіне байланысты кемінде 3 жұмыс күніне дейін ұлғайту қажет.

         Ұсыным: Қызмет көрсетудің жалпы мерзімін 18 жұмыс күніне дейін ұлғайту қажет, немесе 15 жұмыс күні мерзімі сақталған жағдайда келісу мерзімін 7 жұмыс күніне дейін қысқарту ұсынылады.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

   Басқармада бақылау функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарманың 2025 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 3 444 383,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 99,9 % құрады.

Басқарманың 2026 жылдың 6 айға бекітілген жоспарына сәйкес 2 754 003,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 21,9 % құрады (6 ай бойынша).

Талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

YII. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасымен ағымдағы жылдың қаңтар - маусым айлары аралығында бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жалпы сомасы 73 893,3 мың. теңгеге 19 келісім шарт жасалды, оның ішінде:

- баға ұсынысы арқылы - 7 келісім шарт 3 832,9 мың. теңгеге;

- өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден алу - 4 келісім шарт                668,5 мың. теңгеге;

- бір көзден алу - 5 келісім шарт 64 407,9 мың. теңгеге;

-ашық конкурс арқылы - 3 келісім шарт 4 984,0 мың. теңгеге;

Талдау кезеңінде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    YIII. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    ІХ. Ұйымдастыру-басқару қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданып отырған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 363 өтініш келіп түстi.

          Өтініштердің басым бөлігі кәсіпкерлікті қолдау, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат беру және басқа да сұрақтар.

          Сондай-ақ талдау барысында 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ҚР-да уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру туралы» бұйрығына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат беру, қысқа мерзімде қарастыру, белгілі регламенттің белгіленбеуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алып келу қаупі бар.

Яғни, өтінішхат рәсімдеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәукелдерін туғызуы мүмкін.

Ұсыным: Қазақстан Республикасымен келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат рәсімдеу үшін өтінішхат беру функциясын жергілікті атқарушы органдардан алып тастау мүмкіндігін қарастыру. Келіп түскен құжаттарды тексеру бойынша қажетті ақпараттық жүйелерге рұқсат болмауы тәуекелдерге әкеледі.

Сондай-ақ, өтініштерді карастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетіне шағымдану фактілері болмады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Талдау барысында мемлекеттік қызмет көрсету, кадр және өзгеде мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

 

 

Келісілді:

Басқарма басшысы

орынбасары                                                                Б. Сатқалиев

 

Келісілді:

Сыртқы экономикалық

байланыстар және жинақтау

бөлімінің басшысы                                                    Ж. Майдан

 

Ішкі талдауды жүргізуге

жауапты тұлға, сыртқы экономикалық

байланыстар және жинақтау

бөлімінің бас маманы                                                   И. Уразгулова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Социальные медиа
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ
УПРАВЛЕНИЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА И ИНДУСТРИАЛЬНО-ИННОВАЦИОННОГО РАЗВИТИЯ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты