Мемлекеттік гранттар бойынша қысқаша ақпарат

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысы.

 

1 тармақ: Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру тәртібін айқындайды.

3 тармақ: Мемлекеттік гранттар осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларының тізбесі бойынша экономиканың басым секторларында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.

Бұл ретте экономиканың басым секторларында мемлекеттік грант беру бөлігіндегі талап әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасына қатысушыларға қолданылмайды.

Мемлекеттік грант әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, акцизделетін өніммен байланысты қызметті жүзеге асыратын "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасына қатысушыларға берілмейді.

2 тармақ 22 тармақша: ісін жаңа бастаған жас кәсіпкержасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі, өңірлік үйлестірушіге мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан аз мерзімді құрайтын кәсіпкер (жасы ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің өңірлік үйлестірушіге жүгінген күнімен айқындалады, жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

         2 тармақ 23 тармақша: ісін жаңа бастаған кәсіпкер – мемлекеттік грант алу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі өңірлік үйлестірушіге жүгінген кезде 3 (үш) жылдан аз уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін қызметтің жаңа түрін құру шартымен жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

2 тармақ 9 тармақша: кәсіпкерзаңды тұлға құрмай-ақ дара кәсіпкер болып табылатын шағын кәсіпкерлік субъектісі, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасына қатысушы;

2 тармақ 1 тармақша: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

13 тармақ: Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды.

2 тармақ 5 тармақша: жаңа бизнес-идея – тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (жаңа бизнес-идеяларға облыста (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада байқаудан өту кезінде) іске асырылмайтын тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жатады. Нарыққа жаңа және (немесе) жетілдірілген немесе басқа кәсіпорындардың практикасында іске асырылған және технологиялық алмасу (патентсіз лицензиялар, ноу-хау, консультациялар) арқылы таратылатын тауарларды (өнімдерді)/көрсетілетін қызметтерді/жұмыстарды әзірлеу және (немесе) енгізу жаңа бизнес-идеяны іске асырудың нәтижесі болуы тиіс;

10 тармақ: Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беру туралы қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатында конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      Мыналар:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);

      2) жаңа жұмыс орындарын құру;

      3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.

11 тармақ: Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдаланады:

      1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/жаңғырту/реконструкциялау/ күрделі жөндеу), шикізат пен материалдарды сатып алу;

      2) материалдық емес активтерді сатып алу;

      3) технологияны сатып алу;

      4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;

      5) зерттеу жұмыстарына және (немесе) жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

     Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

      Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс.

    

 12 тармақ: Мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға болмайды:

 

      1) жылжымайтын мүлікті және (немесе) жер учаскесін сатып алуға;

      2) жалдау ақысының төлемі ретінде;

      3) негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға), үлестес/байланысты компаниялардан/ тұлғалардан және (немесе) кәсіпкердің жақын туыстарынан ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған);

      4) пайдалануда болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға;

      Бұл ретте негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алу тиісті құжаттармен (жабдыққа шарт/келісімшарт/паспорт/сапа сертификаты) расталуға тиіс;

      5) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автокөлікті, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдері мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алуға және прокаттауға байланысты жобаларды қоспағанда, жеңіл автокөлікті сатып алуға;

      6) өңдеуші өнеркәсіпке жататын тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара малды, құсты, бал арасын, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы жануарларын) сатып алуға мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға болмайды.

      Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол ақшасыз төлем арқылы жүзеге асырылады (пайдалануда болған автокөлікті жеке тұлғадан сатып алуға жол беріледі).

14 тармақ: Мемлекеттік гранттар мынадай кәсіпкерлерге берілмейді:

      1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;

      2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

      3) жылжымайтын мүлікті жалға беру қызметінің негізгі түрі болып табылатын;

      4) мемлекеттік грант алуға өтінім беру кезінде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды растамаған (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен);

      5) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміндегі;

      6) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;

      7) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қолданылу кезеңінде);

      8) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелгендерге және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлап отырғандарға берілмейді.

21 тармақ: Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге pdf форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін тіркейді:

      1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

      2) "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;

      3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;

      4) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).

28 тармақ: Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын конкурстық комиссияның отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы жеке таныстырады.

      Конкурстық комиссия мүшелерін, хатшысын және байқаушыларды қоспағанда, бизнес-жобаны таныстыру кезінде үшінші тұлғалардың қатысуына тыйым салынады.

 

Дата публикации
17 марта 2023