FinGramota.kz оқыту медиапорталы

 FinGramota.kz оқыту медиапорталы

«Пирамида құрушылардың» жаңа схемалары: шынайы кейстер

Жыл сайын қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар халықты алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Олар заманауи технологияларды белсенді пайдаланып, өздерін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жарнамалаудан жалықпай, инвестициялық жобалардың, стартаптардың, тіпті жабық қоғамдардың атын бүркемеленіп ойларын іске асырып бағуда.

 Заманауи схемалардың қандай болатыны және олардың құрбаны болмас үшін не істеу керектігі жөнінде Fingramota.kz-пен қарастырып көрелік:  https://www.fingramota.kz/kk/news/post/piramida-rushylardy-zhaa-shemalary-shynajy-kejster

Кредиттер мен микроқарыздар ресімдеуге ерікті түрде тыйым салу: қазақстандықтарға нені білу маңызды

 2024 жылғы ақпаннан бастап заңнамалық тұрғыдан азаматтардың кредиттер алудан ерікті түрде бас тарту құқығы («Стоп кредит» сервисі) енгізілді. Бұл арнайы қорғану тетігі, оның көмегімен әрбір қазақстандық банктерде және микроқаржы ұйымдарында жаңа кредиттер алуға тыйым салуды дербес енгізе алады.

«Бірінші кредиттік бюро» АҚ деректері бойынша, бүгінгі күні 2 млн азамат кредиттер мен микроқарыздар ресімдеуге ерікті түрде тыйым салуға өтінім беріп, осы мүмкіндікті дербес пайдалана алды.

 «Стоп кредит» сервисін қалай пайдалануға болатыны және ол қандай алаяқтық схемалардан сақтай алатыны жөнінде Fingramota.kz-пен қарастырып көрелік: https://www.fingramota.kz/kk/news/post/kreditter-men-mikroaryzdar-resimdeuge-erikti-trde-tyjym-salu-azastandytara-neni-bilu-mayzdy

Картаны бұғаттау: егер шотыңыз бұғатталған болса не істеу қажет

Банктік картаны бұғатталуы – бұл, өкінішке орай, жиі кезедесін және жағымсыз жағдай. Ол жөнінде сіз кез-келген уақытта: мәселен, төлем жасамақ болған кезде шотыңыздың бұғатталғаны жөнінде  білуіңіз мүмкін. 

Неліктен бұлай және не істеуге болатыны, болашақта өзіңізді қалай қорғауға керектігі жөнінде  Fingramota.kz-пен бірге қарастыралық.  https://www.fingramota.kz/kk/news/post/kartany-battau-eger-shotyyz-battalan-bolsa-ne-isteu-azhet

Ипотекалық сақтандыру: әрбір қарыз алушы нені білуі керек

 Ипотека — бұл жай ғана баспана алу мүмкіндігі емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді қаржылық міндеттеме. Өмір әрдайым тұрақты бола бермейді — күтпеген жағдайлар кез келген уақытта туындауы мүмкін. Егер табысыңыз уақытша тоқтап қалса немесе денсаулығыңыз сыр берсе, не істейсіз? Осындай жағдайда ипотекалық сақтандырудың маңызы зор.

 Сақтандыру сізді баспанадан айырылып қалу қаупінен қорғап, банк алдындағы міндеттемелерді өтеуге көмектеседі және қиын кезеңдерде де қаржылық сенімділікті сақтауға мүмкіндік береді. Бұл жай ғана сақтандыру емес — өзіңізді және жақындарыңызды күтпеген қаржылық салдардан қорғаудың тиімді жолы. Сондықтан ипотеканы саналы түрде рәсімдеп, алдын ала қаржылық қауіпсіздігіңіз жайлы ойланған жөн.

 Толығырақ: https://fingramota.kz/kk/news/post/ipotekaly-satandyru-rbir-aryz-alushy-neni-bilui-kerek