1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

1 мамырда елімізде маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Бұл қазақстандықтар арасындағы бірлікті, достықты және этносаралық келісімді білдіретін мерекесі. Этностардың әрқайсы ерекше, ал барлығы бірігіп Қазақстанның ынтымағы жарасқан біртұтас халқын құрайды. 1 мамыр мейрамының мән-мағынасы осында.

Құрметті, достар! Осы нұрлы мерекеде әр отбасына, әр шаңыраққа бақыт, жақсылық пен амандық тілейміз!