Бекітілген регламентіне сәйкес ағымдағы жылдың ақпан және сәуір айларында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың қызметкерлері арасындағы спартакиада өтті. 26 сәуірде өткен жарыстардың нәтижесі бойынша облыстың қаржы басқармасының командасы футболдан және арқан тартудан үшінші орынды, сондай-ақ жеке біріншілікте: ерлер арасында - жүгіру 3000м бірінші орын, гір спорты екінші орын; әйелдер арасында - жүгіру 2000м екінші орын, жүгіру 60м үшінші орынға иеленді.
Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте облыстың қаржы басқармасының командасы құрметті 2 орынға ие болды.
Құттықтаймыз !