
Ағымдағы жылдың 14 сәуірде білім саласының лауазымды тұлғаларының қатысуымен БҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ұйымдастырған семинар-кеңес шеңберінде БҚО қаржы басқармасының бюджеттік есепті жүргізу, жергілікті бюджеттің жиынтық есебін құрастыру бөлімінің басшысы Назгуль Лукпанқызы Кайсагалиева «Бюджеттік және қаржылық есептілікті жасау туралы» тақырыбындағы баяндама жасады.
Семинар барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік және қаржылық есептілікті жасаудың практикалық аспектілері талқыланды.