2025 жылға облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 484,8 млрд. теңге (2024 жылға – 439,8 млрд.теңге сомасында бекітілді) немесе бюджеттің 10,2% өсуімен бекітілді.
2025 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі 445,9 млрд. теңгеге бекітілді, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша - 117,2 млрд.теңге (2024 жылға салықтар - 85,3 млрд. теңге)
2025 жылдың 1 сәуіріне облыстық бюджеттің шығыстары 84,3 млрд. теңгеге немесе кезеңге арналған жоспарға 94,5%-ға игерілді
2025 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің бекітілген көлемі - 4,9 млрд.теңге. 1 сәуірге республикалық бюджетке 1,4 млрд. теңге аударылды
2025 жылдың 1 сәуіріне облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 91,6 млрд. теңге немесе жоспарға 106,8% құрады
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің көлемі 325,8 млрд.теңге сомасында бекітілді (2024 жылға – 308,0 млрд. теңге), соның ішінде субвенциялар – 266,9 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 16,9 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 42,0 млрд. теңге. 1 сәуірге 45,0 млрд. теңгеге субвенциялар түсті, жоспардағы 7,3 млрд. теңге нысаналы трансферттер облыстық бюджетке 7 млрд. теңге сомасында түсті
2025 жылғы қаңтар-наурызда облыстық бюджетке нақты салық түсімі 36,7 млрд. теңгені құрады (2024 ж. қаңтар-наурыз – 33,6 млрд. теңге)
Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 18,2 млрд. теңге сомасында бекітілді. 1 сәуіріне қаражат түскен жоқ
Ескертпе: Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасында республикалық бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттерге жататын - облыстық бюджет, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады. Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.