«Ауыл – Ел бесігі» Жобасын іске асыру барысы туралы
Өзіңізге мәлім, ауыл тұрғындарына қолайлы өмір сүру сапасын өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес қалыптастыруға бағытталған «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру 2019 жылдан бастап жалғасуда.
Жалпы, облысымыз бойынша бүгінгі таңда барлығы 413 ауылдық елді мекен бар. «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға мүмкіндігі бар 221 перспективті ауылдық елді мекендер іріктелгенін екенін атап өтеміз, соның ішінде 77 тіректі АЕМ, 34 стратегиялық маңызды шекара маңындағы АЕМ және 110 спутниктік АЕМ. Перспективті ауылдық елді мекендердегі халық саны 277 мың адамды құрайды
2019-2023 жылдар ішінде Жоба шеңберінде ауылдардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 107 жобаға 32,3 млрд теңге бағытталды.
180,0 мың адам немесе ауыл тұрғындарының 58% тұратын 60 перспективті ауылдар қамтылды, оның ішінде 42 тіректі, 9 спутниктік, 9 стратегиялық маңызды шекара маңы ауылдары.
Нәтижесінде: 22 білім беру нысандары (оның ішінде 1 интернат), 16 мәдениет нысаны, 9 денсаулық сақтау нысандары, 3 спорт нысаны, 10 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны, 7,1 шақырым су құбыры, 234 шақырым жолдарды дамытудың жобаларын іске асыру арқылы 60 ауылдардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы жақсартылды. Жобаны іске асыру барысында барлығы 1 468 жұмыс орны құрылды.
2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында халық саны 101,0 мың адам (ауыл тұрғындарының 32%) болатын 35 перспективті (26 тіректі, 6 спутниктік, 3 стратегиялық маңызды) ауылдық елді мекендерде жалпы құны 11,9 млрд. теңге болатын 43 жоба іске асырылады. Соның ішінде:
Қазіргі таңда, 43 жобадан 10 жоба аяқталды, 14 жоба 2025 жылға ауыспалы және 19 жоба жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.