«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылды. Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
жалақының ең төмен мөлшерi - 70 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 28 215 теңге (2023 жыл - 24 371);
зейнетақының ең төмен мөлшерi - 57 853 теңге (2023 жыл - 53 076);
айлық есептiк көрсеткiш - 3 692 теңге (2023 жыл - 3 450);
базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы - 43 407 теңге (2023 жыл - 40 567).
Құжат 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауға ашық.