Өз сайлау учаскеңді біл!

Өз сайлау учаскеңді біл!

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен және Орталық сайлау комиссиясының Қаулысымен 2023 жылғы 19 наурызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалды.

Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына енгізілген жаңа нормаларға сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады: депутаттардың 70% – біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, 30% – бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып Қазақстан Республикасының 25 жасқа толған және соңғы он жыл бойы оның аумағында тұратын азаматы бола алады.

Мәслихат депутаттығына 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.

Мынадай адамдар Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттығына кандидат бола алмайды:

1) сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам.

 

Парламент Мәжілісінің депутаттығына:

1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.