«Мемлекеттік қызметтегі үздік кадрлық тәжірибе мен бастамалар» байқауы

«Мемлекеттік қызметтегі үздік кадрлық тәжірибе мен бастамалар» байқауы

Ағымдағы жылдың 15-шілде күні мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен және Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының қолдауымен персоналды басқару қызметінің өкілдеріне арналған «Мемлекеттік қызметтегі үздік кадрлық тәжірибе мен бастамалар» байқауы өткізілді.

Шара барысында қатысушылармен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың орындалуы жөніндегі қызметін үйлестіру деңгейін арттыру мен персоналды басқару қызметін цифрландыруда жаңа жобалар ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы Алия Рахматуллиевна Ергалиева иеленді.

Байқау жеңімпаздарына және барлық қатысушыларға Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының атынан сертификаттар мен дипломдар табыс етілді.