2026 жылға облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 519,2 млрд. теңге (2025 жылға – 484,8 млрд.теңге сомасында бекітілді) немесе бюджеттің 7,1% өсуімен бекітілді. Нақтыланған бюджет – 525,2 млрд. теңге
2026 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі 380,1 млрд. теңгеге бекітілді, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша - 90,9 млрд.теңге (2025 жылы салықтар - 117,2 млрд. теңге). Нақтыланған бюджет – 381,8 млрд. теңге
2026 жылдың 1 шілдеге облыстық бюджеттің шығыстары 223,2 млрд. теңгеге немесе жоспарға 92% игерілді.
2026 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің нақтыланған көлемі - 9,1 млрд.теңге. 1 шілдеге 6,5 млрд. теңге өтелді.
2026 жылдың 1 шілдесіне облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 189,2 млрд. теңге немесе жоспарға 93,7% құрады.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің жылдық көлемі 185,9 млрд.теңгеден бекітілді (2025 жылға – 325,8 млрд. теңге), соның ішінде субвенциялар – 173,6 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 4,8 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 7,4 млрд. теңге. 1 шілдеге 107,6 млрд. теңге түсті.
2026 жылғы қаңтар-маусымда облыстық бюджетке нақты салық түсімі 39,1 млрд. теңгені құрады (2025 ж. қаңтар-маусым: 67,9 млрд. теңге). 1 шілдеге арналған аудан\қала бюджеттерінен облыстық бюджет кірісіне бюджеттік алып қоюлар 34,2 млрд. теңге сомасында түсті.
Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 13,0 млрд. теңге сомасында бекітілді. 1 шілдеге – 5,5 млрд. теңге түсті.