
Ағымдағы жылдың 17 маусымда облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың қатысуымен облыстың қаржы басқармасы ұйымдастырған семинар-кеңес шеңберінде БҚО қаржы басқармасының бюджеттік есепті жүргізу, жергілікті бюджеттің жиынтық есебін құрастыру бөлімінің басшысы Назгуль Кайсагалиева «2025 жылғы облыстық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері және жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауға дайындық туралы» тақырыбындағы баяндама жасады.
Семинар барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаудың және ұсынудың практикалық аспектілері талқыланды.
Сондай-ақ, семинар-кеңесте жергілікті бюджетті, оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігін және бюджеттік инвестицияларды жоспарлау мен орындаудың жекелеген мәселелері қаралды.