2026 жылға облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 519,2 млрд. теңге (2025 жылға – 484,8 млрд.теңге сомасында бекітілді) немесе бюджеттің 7,1% өсуімен бекітілді.
2026 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі 380,1 млрд. теңгеге бекітілді, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша - 90,9 млрд.теңге (2025 жылы салықтар - 117,2 млрд. теңге).
2026 жылдың 1 маусымға облыстық бюджеттің шығыстары 178,5 млрд. теңгеге немесе жоспарға 94,7% игерілді.
2026 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің бекітілген көлемі - 8,9 млрд.теңге. 1 маусымға 6,4 млрд. теңге өтелді.
2026 жылдың 1 маусымына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 154,9 млрд. теңге немесе жоспарға 97% құрады.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің жылдық көлемі 185,9 млрд.теңгеден бекітілді (2025 жылға – 325,8 млрд. теңге), соның ішінде субвенциялар – 173,6 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 4,8 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 7,4 млрд. теңге. 1 маусымға 84,6 млрд. теңге түсті.
2026 жылғы қаңтар-мамырда облыстық бюджетке нақты салық түсімі 32,3 млрд. теңгені құрады (2025 ж. қаңтар-мамыр: 58,7 млрд. теңге). 1 маусымға арналған аудан\қала бюджеттерінен облыстық бюджет кірісіне бюджеттік алып қоюлар 30,5 млрд. теңге сомасында түсті.
Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 13,0 млрд. теңге сомасында бекітілді. 1 маусымға – 4,2 млрд. теңге түсті.