
2026 жылға облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 519,2 млрд. теңге (2025 жылға – 484,8 млрд.теңге сомасында бекітілді) немесе бюджеттің 7,1% өсуімен бекітілді.
2026 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі 380,1 млрд. теңгеге бекітілді, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша - 90,9 млрд.теңге (2025 жылы салықтар - 117,2 млрд. теңге)
2026 жылдың 1 ақпанға облыстық бюджеттің шығыстары 16,2 млрд. теңгеге немесе жоспарға 76,4% игерілді
2026 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің бекітілген көлемі - 8,9 млрд.теңге.
2026 жылдың 1 ақпанына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 17,8 млрд. теңге немесе түзетілген жоспарға 84,6% құрады
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің жылдық көлемі 185,9 млрд.теңгеден бекітілді (2025 жылға – 325,8 млрд. теңге), соның ішінде субвенциялар – 173,6 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 4,8 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 7,4 млрд. теңге.
2026 жылғы қаңтарда облыстық бюджетке нақты салық түсімі 5,3 млрд. теңгені құрады (2025 ж. қаңтар -10,5 млрд. теңге)
Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 13,0 млрд. теңге сомасында бекітілді.
Ескертпе: Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстанда республикалық бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттерге жататын - облыстық бюджет, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады. Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.