Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2026 жылға арналған бюджет.  Батыс Қазақстан облысының бюджетінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер және кредиттердің негізгі бағыттары

 2026 жылға арналған бекітілген жылдық көлемі - 25,2 млрд. теңге, соның ішінде нысаналы трансферттері – 12,2 млрд. теңге, бюджеттік кредиттер – 13,0 млрд. теңге

Нысаналы даму трансферттер:

жерүсті су ресурстарын ұлғайтуға - 4,7 млрд. теңге (соның ішінде «БҚО Орал қаласы Круглоозерное ауылынан жоғары Жайық-Көшім суару -суландыру жүйесіне су алу құрылымы ауданында Жайық өзенінде жағалау нығайту жұмыстары» объектісінің құрылысы – 2,7 млрд. тенге);

жылумен жабдықтау жүйелерін дамытуға - 1,5 млрд. теңге (Орал қаласында ЖЭО коллекторынан «Сити Центр» СО ТК-10 (а-н.) түсуге дейін ТМ-2 реконструкциялау);

газ тасымалдау жүйесін дамытуға - 1,2 млрд. теңге (БҚО Ақжайық, Теректі аудандары мен Бәйтерек ауданының елді мекендерін газбен жабдықтау үшін жоғары қысымды құбырын салу. Ростоши-Тайпақ. I-кезең).

Ағымдағы нысаналы трансферттер:

жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға - 4,8 млрд. теңге (соның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде – 2,8 млрд. тенге).

 Бюджеттік кредиттер:

ауыл халқының кірістерін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін ауыл халқына микрокредиттер беруге - 4,7 млрд. теңге;

агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беруге- 6,0 млрд. теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға кредит беруге-2,3 млрд. теңге.