Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 22-ші кезекті сессиясы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 22-ші кезекті сессиясы

15 желтоқсанда Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыс әкімі Н.Төреғалиев, облыстық  мәслихаттың депутаттары,  облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Сессия  жұмысын облыстық мәслихаттың төрағасы М.Мұқаев жүргізді.

Күн тәртібінде  облыстық мәслихаттың кезекті  22-ші сессиясының   мәселелері қаралды.

«2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» баяндама жасаған Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы Н.Есенгалиев, бекітуге ұсынылып отырған облыстық бюджетінің кіріс және шығыс бөлігіне тоқталып, негізгі бағыттарын айтып өтіп, депутаттар қойған сұрақтарға жауап берді.