
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес мемлекеттiк органдарға тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына көтермелеу үстемеақыларын белгiлеу құқығы берiлген (3-тармақтың 5-тармағы).
Әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру мақсатында облыстық мәслихаттың шешімдерімен жергілікті бюджет қаражаты есебінен келесі қызметкерлерге лауазымдық жалақыларына мынадай мөлшерде ынталандыру үстемеақылары белгіленді:
– 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметкерлеріне;
– 2024 жылғы 1 мамырдан бастап білім беру жүйесінің қаржы қызметкерлеріне;
– 2025 жылғы 1 сәуірден бастап «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ және «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ қызметкерлеріне;
– 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы» КММ қызметкерлеріне.
Еңбекақыны арттыру және ынталандырушы үстемеақыларды енгізу кадр әлеуетін нығайтуға, кадрлар айналымын төмендетуге және әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби қызметі үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Әлеуметтік саланы дамыту бөлімі