15 қараша - Ұлттық валюта күні

15 қараша - Ұлттық валюта күні

Нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру Қазақстанда отыз жыл астам бұрын күрделі экономикалық жағдайларда басталған болатын. Республиканы терең экономикалық дағдарыстан шығару үшін ауқымды реформалары қажет болды. Осындай күрделі жағдайларда Қазақстанда өзіндік ұлттық валюта-теңгені енгізуге дайындық жүргізілді.

Бүгінгі таңда егеменді Қазақстан үшін өзгерістер кезеңі тек сынақ қана емес, сонымен қатар жетістіктер кезеңі, соның ішінде мемлекеттік қаржы жүйесінің қалыптасуы мен нығаюында болғаны баршаға мәлім.

Бюджетті жоспарлау және атқару, банк және салық саласы, мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру және мемлекеттік мүлікті басқару сияқты барлық қаржыгерлердің мемлекеттің қаржы жүйесін қалыптастыруға және тұрақты жұмыс істеуіне қосқан үлесі баға жетпес.

Қазақстанның бюджеттік құрылымын айқындаған «Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі туралы» бірінші Заңға 1991 жылғы 17 желтоқсанда қол қойылғаны есте қаларлық оқиға.

2025 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексіне қол қойды. Негізгі мақсаты жүргізіліп жатқан бюджет саясатына сәйкес мемлекеттік басқарудың стратегиялық мақсаттарын, мемлекеттің міндеттері мен функцияларын оларға қол жеткізу немесе іске асыру үшін қажетті бюджет қаражатының көлемдерімен үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады. Мәселен, Бюджет кодексін іске асыру үшін Қазақстан Үкіметі блоктық бюджеттеуді көздейтін пилоттық жобаны ендіруді жүзеге асырды, онда қатысушылардың бірі Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы болып табылады.

Қаржы қызметі - бұл өмірлік міндет. Қаржы органдары қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі, жанқиярлығы және өз ісіне берілгендігі мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қалыптастырады, бұл ауқымды мемлекеттік өзгерістерді табысты іске асыруға, экономикалық өсуді, қаржылық тұрақтылықты және Қазақстан азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Біздің облыстың қаржы жүйесінің қалыптасуына ерекше үлес қосқан Зверев Григорий Тимофеевич, Амелин Леонид Иванович, Уразова Мадина Уразовна, Рахимбеков Женис Рахимбекович, Джумагалиев Ербулат Мухтарович сияқты белгілі қаржыгерлерді естен шығармай еске аламыз.

Тәуелсіздік жылдары облыс бюджетінің көлемі (1991-1992 жылдары - рубль) бірнеше есе өсті. Егер 1993 жылы бюджеттің жалпы көлемі бар болғаны 0,2 млрд. теңгені, 2000 жылы – 11,0 млрд. теңгені құраса, 2025 жылы 620 млрд. теңгеден астам соманы құрайды.

Ірі ауқымды әлеуметтік-саяси және экономикалық қайта құрулар арқылы қол жеткізілген өңірдегі қолайлы экономикалық жағдай облыс бюджеті көрсеткіштерінің елеулі өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мысалдардың бірі - салық түсімдерінің серпіні. 1993 жылдан бастап (0,1 млрд. теңге) облыс бюджетіне салық түсімдері 900 есеге, ал 2000 жылдан бастап 9 есеге немесе 9,8 млрд. теңгеден 2025 жылдың 1 қарашасына 179,2 млрд. теңгеге дейін өсті.

Басымдықтар туралы айта отырып, бюджет әрқашан айқын әлеуметтік бағытқа ие болғанын атап өткен жөн. Мәселен, 1993 жылы әлеуметтік саланы қаржыландыруға бағытталған бюджет шығыстары 0,1 млрд. теңгені құрады, ол кезде бюджет шығыстарының негізі болған, 2025 жылы бұл шығыстар шамамен 317 млрд. теңгені құрайды.

Ардагер-қаржыгерлер кәсіпорындар іс жүзінде жұмыс істемеген, бюджет саласының қызметкерлері мен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары айлап жалақы, зейнетақы, жәрдемақы алмаған 90-шы жылдардың басы мен ортасы кезеңін жақсы еске алады. Қаржыгерлерге ұйымдарды ұстауға және қала мен облыстың инфрақұрылымын қолдауға бюджет үшін қаржы ресурстарын бөлу және іздестіру жөнінде "асқан шебер жұмыс" көрсету қажет болды.

Сайып келгенде, 90-жылдардың ортасы мен 2000 - жылдардың басында бірінші кезектегі міндет шешілді – ағымдағы әлеуметтік міндеттемелерді қамтамасыз ету, жалақы, атаулы әлеуметтік төлемдер төлеу, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарын ұстау.

Сонымен бірге, 2000 жылдардың ортасынан бастап экономикадағы жетістіктер инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды, яғни даму бюджетін іске асыруға да назар аударуға мүмкіндік берді.

Халықтың өмір сапасын жақсарту және  әл-ауқатын арттыру «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ақ бұлақ», «Қолжетімді баспана» сияқты бағдарламалары және басқа да әлеуметтік маңызы бар бағыттар есебінен іске асырылды.

Мәселен, егер 2000-шы жылдардың бірінші бесжылдығында даму бюджетіне небәрі 14,0 млрд. теңге бағытталса, тек 2025 жылы шамамен 98 млрд. теңге көзделген.

 Бюджеттік қаржыландырудың арқасында ауылдық аумақтардың инфрақұрылымы, азаматтардың тұрғын үй жағдайлары сапалы жақсарды, газдандыру және ауыз сумен жабдықтау, облыс орталығы мен облыс аудандары арасындағы көліктік қолжетімділік мәселелері шешілді, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорттың жүздеген объектілері салынды және күрделі жөнделді.

Бұл көрсеткіштер қаржыгерлердің Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жұмысының және бюджеттің әлеуметтік бағдарлануының нәтижелерін айқын айғақтайды.

Республиканың Тәуелсіздік кезеңінде алға қойылған міндеттерді өз пікірлестерінің ұжымымен бірге Басқарманың ардагер-басшылары сәтті орындады, олар соңғы жылдары өңірдің қаржы жүйесінде жұмыс істеді: Хамитов Аскар Шангереевич, Жабалбаева Айжан Сембиевна, Салахатдинова Айгуль Бахитжановна.

Қаржы басқармасында ардагерлерді құрметтейді және еске алады, оларды назардан тыс қалдырмауға тырысады. Аға буынның даңқты жолын жалғастыру, олардың жетістіктерін көбейту-жас қаржыгерлердің борышы. Біздің республикамызды өркендету жолындағы еңбек – кез келген уақытта кез келген қаржыгер жұмысының негізгі қағидаттары болды және бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасуда.

Бұл айтулы күні қаржы жүйесінің барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. Ардагерлерге мықты денсаулық және ұзақ өмір, қызметкерлер ортақ мақсат – еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз.