БҚО облыстық бюджеті. 2025 жылғы 1 қарашадағы қысқаша шолу

БҚО облыстық бюджеті. 2025 жылғы 1 қарашадағы қысқаша шолу

2025 жылға облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 484,8 млрд. теңге (2024 жылға – 439,8 млрд.теңге сомасында бекітілді) немесе бюджеттің 10,2% өсуімен бекітілді. Нақтыланған – 541,8 млрд.теңге

2025 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі  469,0 млрд. теңгеге  нақтыланды, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша - 130,6 млрд.теңге (2024 жылы салықтар - 121,6 млрд. теңге)

 2025 жылдың 1 қарашаға облыстық бюджеттің шығыстары 410,4 млрд. теңгеге немесе кезеңге арналған жоспарға 95%-ға игерілді

2025 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің бекітілген көлемі - 4,9 млрд.теңге. 1 қарашаға республикалық бюджетке 4,4 млрд. теңге өтелді

2025 жылlың 1 қарашасына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 378,2 млрд. теңге немесе жоспарға 98,8% құрады

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің көлемі 327,8 млрд.теңгеге нақтыланды (2024 жылға – 308,0 млрд. теңге), соның ішінде субвенциялар – 266,9 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 16,9 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 44,0 млрд. теңге. 1 қарашаға 209,0 млрд. теңгеге субвенциялар түсті, жоспардағы 55,5 млрд. теңге нысаналы трансферттер облыстық бюджетке 52,9 млрд. теңге сомасында түсті (немесе 95,3%)

2025 жылғы қаңтар-қазанда облыстық бюджетке нақты салық түсімі 106,4 млрд. теңгені құрады (2024 ж. қаңтар-қазан -100,2 млрд. теңге)

Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 18,2 млрд. теңге сомасында бекітілді. 1 қарашасына 5,3 млрд. теңге қаражат түсті

Ескертпе: Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасында республикалық бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттерге жататын - облыстық бюджет, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады. Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.