2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VIII жаңа Бюджет кодексі шеңберінде қаржылық және бюджеттік есептіліктің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
Атап айқанда:
қаржылық есептілік мәселелері бойынша:
1) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а 2025 жылғы 15 мамырдағы №229 бұйрығы)
2) Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а 2025 жылғы 15 мамырдағы №230 бұйрығы)
Қағиданың басты мақсаты мүдделі адамдарды қаржылық қызметтің нәтижелері мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржылық жағдайының өзгерістері, қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
бюджеттік есептілік мәселелері бойынша:
1) Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы №258 бұйрығы)
2) Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы №262 бұйрығы)
Бюджеттік есепке алу – бұл бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес бірыңғай қазынашылық шоттан және мемлекеттік мекемелердің кассалық негіздегі шоттарынан жүргізілетін операциялар туралы ақшалай мәндегі ақпаратты жинау мен тіркеудің реттелген жүйесі.
Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік мәселелері бойынша:
1) Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі №192 бұйрығы)
2) Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №198 бұйрығы)
Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік – бұл бюджеттік және қаржылық есептілік негізінде қалыптастырылатын есептеу әдісі бойынша қаржылық жағдай, таза активтердің қозғалысы мен нәтижелері, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар туралы макроэкономикалық көрсеткіштермен байланысты ақпарат.
Осыған байланысты, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексі шеңберінде жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау, бюджеттік есепті жүргізу, бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну, сондай-ақ болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау тәртібі әзірленді және айқындалды.