11 қазанда Орал қаласында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және аумақтарды абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» кезекті экологиялық акциясы өтті. Акция Шаған өзенінің жанында Исатай-Махамбет көшесінің бойында өтті. Іс-шараға облыстың қаржы басқармасының қызметкерлері де қатысты.