Ағымдағы жылдың 1 тамызда 2025 жылға арналған облыстық бюджет нақтыланды, бюджет 6,5 млрд. теңгеге ұлғайтылды.
Шығыстардың негізгі бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа - 6,4 млрд. теңге, атап аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға кредит беруге бағытталды.
Өзгерістерді ескере отырып, 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің көлемі 523,8 млрд. теңгені құрады.
Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Т.Каюпов, облыстық мәслихаттың депутаттары, тиісті облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихаттың төрағасы М.Мұқаев жүргізді.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-1 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасаған Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысы Н.Есенғалиев, нақтылауға ұсынылып отырған облыстық бюджетінің кіріс және шығыс бөлігіне тоқталып, негізгі бағыттарын айтып өтіп, депутаттар қойған сұрақтарға жауап берді.