Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында «23 маусым - Мемлекеттік қызметші күніне» орай мерекелік құттықтау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шарада Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлының алғыс хатымен Құралай Жауынбайқызы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тлепберген Ерсайұлының алғыс хатымен Бақытжан Жамбылұлы, Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Мұхитұлының алғыс хатымен Айдос Саттарұлы, Сезім Нұрлыбекқызы, Ерасыл Азаматұлы және Жалғас Жақсымбетұлы марапатталды.
Еліміздің әрбір мемлекеттік қызметшісіне зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, таусылмас бақыт тілейміз! Еліміздің өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!