«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау нәтижелері бойынша
талдамалық анықтама

26 маусым 2023 жыл                                                                      Орал қаласы

 

Талданатын объект туралы мәлімет: «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма). Мекенжайы: БҚО,  Орал қаласы, Досмухамедов көш. №45

         

         Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының  басшысы Н.Есенгалиевтың  13.05.2023 жылғы № Н-13 бұйрығы  негізінде Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:

  1. Айдынгалиев М.Г.- Басқарма басшысының орынбасары;
  2. Баймаганбетов М.А.- Басқарма басшысының орынбасары;
  3. Гайтпаева Н.Х.- Басқарма басшысының орынбасары
  4. Ажахов Ж.Е.- Басқарманың Инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімінің басшысы
  5. Газизова И.М. - Әлеуметтік саланы дамыту бөлімінің басшысы;
  6. Кайсагалиева Н.Л. - Бюджеттік есепті жүргізу, жергілікті бюджеттің жиынтық есебін құрастыру бөлімінің бас маманы;
  7. Джубанышев Г.С.- Бюджеттік кредиттеу және кірістер бөлімінің басшысы;
  8. Кадыров А.Т. - Бюджет саясаты және бюджетті жоспарлау, болжау, атқарылуын  үйлестіру бөлімінің басшысы;
  9. Досов Е.Б. - Нақты секторын дамыту бөлімінің басшысы;
  10. Ергалиева А.Р. - Әкімшілік бөлімінің басшысы;
  11. Мурзахметова А.Б.- Мемлекеттік басқару органдары және құқық қорғау органдарын дамыту бөлімінің басшысы;

 

         Талданатын кезең: 01.06.2022 ж - 01.06.2023 ж.

Талдау кезеңі: 25 мамыр - 26 маусым 2023 ж.

Басқарма 8 бөлімнен тұрады: Инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту,  әлеуметтік саланы дамыту, нақты секторын дамыту, бюджеттік кредиттеу және кірістер,  бюджеттік есепті жүргізу, жергілікті бюджеттің жиынтық есебін құрастыру, бюджет саясаты және  бюджетті жоспарлау, болжау, атқарылуын  үйлестіру,  мемлекеттік басқару органдары және құқық қорғау органдарын дамыту,  әкімшілік бөлімдері.

Басқармада ведомстволық мекемелер жоқ.

 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-41, нақты саны - 39.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер болмады, таза ауысушылық жоқ.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер болмады.

Талдау кезеңінде жалпы конкурс қорытындысы бойынша 2 адам Басқарманың әкімшілік бөлімінің бас маманы бос лауазымына Токжанов Бакытжан Жамбылович, инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөліміне бос лауазымына Джанболатов Нұрболат Әлібекұлы  тағайындалды.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Басқарма қызметкерлерін кадрлық тағайындау ҚР БП ҚС ж АЕ АК және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Басқарма қызметкерлерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

Басқармада коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

Талданып отырған кезеңде  мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік шара  қолданылмады.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

Талдау жүргізу барысында 1 әкімшілік лауазымның ұзақ мерзімде бос болу фактісі анықталды.

2023 жылғы 28 ақпанынан бастап бас маман Альбина Науырызбаевна Джакупова бала күтімі бойынша демалысқа кетуіне байланысты Басқарманың  мемлекеттік басқару органдары және құқық қорғау органдарын дамыту бөлімінің D-O-4 (06-04 инкесі бойынша) бас маманы орыны 4 ай бос болуда.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабы  1 тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» № 40 бұйрығына сәйкес «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізіледі.

Лауазымның ұзақ мерзімді бос болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

           Ұсыным: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі №71 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері БҚО бойынша Департаментіне Басқарманың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітуге  ұсынылсын.

      Бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары негізінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратына бос лауазымына конкурс өткізу туралы ұсыныс хат жолдансын.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

            Басқарманың құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кірмейді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

            Ережеге сәйкес Басқармада рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

           Ережеге сәйкес Басқармада бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Басқарманың 2022 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 88 143 115,6 мың теңге қарастырылды, игерілгені 87 760 008,4 мың теңге немесе 99,6% құрады. Игерілмегені 383 107,2 мың  теңге құрады, соның ішінде облыс әкімдігінің бөлінбеген резерв қалдығы – 343,1 млн. теңге, облыстың жергілікті атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге арналған шығыстар – 35,3 млн. теңге.

Басқарманың 2023 жылғы 1-тоқсанына  бекітілген жоспарына сәйкес 12 253 137,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 100% құрады.

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №840 «Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары» бұйрығына сәйкес, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген Басқарманың жергілікті бюджеттің жиынтық есебін құрастыру бөлімінің басшысы мен бас маманының сертификатының жоқтығы анықталды.

Сертификат өз кезегінде бухгалтерлік және  қаржылық есептілікті жүргізу жұмысына, білімі және кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерінің объективтік сипаттамаларын растайтын құжат болып табылады.

Осыған байланысты, тиісті құжаттың болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады. 

Ұсыным: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №840  бұйрығына сәйкес 2023 жылдың ІІ жартыжылдығында сертификаттау бойынша оқуды ұйымдастыру шараларын жүргузі. Бюджеттік өтінімін дайындау.

  • Басқарма өз қызметінде «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Талдау кезеңінде басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық нормалар болуына талдау жасалды.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – Қаржы басқармасы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерімен жұмыс жасайды.

Өз алдына, бюджеттік бағдарлама әкімшілері бюджеттік өтінімдерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығына сәйкес жасақтайды.

Аталған бұйрықта, бюджеттік өтiнiмде әрбір бюджеттік бағдарламаның объективтi сипаттамалары негiзiнде жинақталған бюджеттiк бағдарламалар туралы нақты және толық ақпарат көрсетілуi тиiс.

Соның ішінде, қорлар мен негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлаған кезде есепке қорлар немесе негізгі құралдардың әрбір түрлері бойынша кем дегенде үш прайс-парақтар қоса берілуі тиіс.

Алайда, бюджеттік бағдарлама әкімшілері прайс-парақтарды ұсынғанмен, Басқарма кейбір тауарлар мен қызметтердің бағалары бойынша нақты нарықтағы бағасын көре алмайды. Күнделікті қолданудағы тауарлар мен қызметтердің бағасын шамамен білгенімен, көптеген тауар түрлерінің бағасын білуге мүмкіндік жоқ. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған прайс-парақтарының бағалары көтерінкі болған жағдайда, мұны анықтау мүмкін емес.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Ұсыным: «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығына (әрбір өңірді бөлек-бөлек көрсете отырып)  республика бойынша белгілі бір ортақ бағалар базасын жасақтау ұсыныспен хат жолдау.

  • Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес, заттай нормалар - қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштері. Заттай нормаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді.

Алайда, мәдени іс-шараларды өткізуге жұмсалатын шығыстар көлемін жоспарлаудын заттай нормаларды бекіту туралы құқықтық акт жоқ және іс-шараларға жұмсалатын шығындарды бөлу тәртібі реттелмеген (159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу»: концерттер, айтыстар, шығармашылық кештер, халықаралық, республикалық, аумақтық, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі фестивальдар, қатысушылардың гонорары мен сыйақы қоры, жүргізушімен қазылар алқасының қызметтеріне ақы төлеу).       

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Ұсыным: Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігіне мәдени іс-шараларды қаржыландыруға нормативтерді жасақтау үшін ұсыныспен хат жолдау.

  • Кәсіби клубтарды ұстауға жұмсалатын шығыстар көлемін жоспарлаудың лимит бекіту туралы құқықтық акт жоқ, іс-шараларға жұмсалатын шығындарды бөлу тәртібі реттелмеген (159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» (құрама командаларды дайындау қызметтеріне): спорт түрлері бойынша кәсіби клубтарды ұстауға, соның ішінде легионерлерге еңбек ақы төлеу, шет елдегі оқу -жаттығу жиынына). 

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Ұсыным: Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігіне спорт түрлері бойынша кәсіби клубтарды ұстауға лимит әзірлеу үшін ұсыныспен хат жолдау.

  • Кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау мамандарын даярлауға және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар денсаулық сақтау мамандарын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы шығыстар көлемін жоспарлау туралы құқықтық акт жоқ болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындату мүмкін.

Ұсыным: Қазақстан Республикасының денсаулық министрлігіне кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау мамандарын даярлауға және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар денсаулық сақтау мамандарын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеу үшін ұсыныспен хат жолдау.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

          Талданып отырған кезеңде Басқарма жалпы сомасы 102 700,3 мың теңгеге 56 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

         1) ашық конкурс 40 932,7 мың теңге сомасына сатып алу;

         2) баға ұсыныстарын сұрау 28 424,2 мың теңге сомасына 79 сатып алу;

         3) бір көзден 23 891,1 мың теңге сомаға 18 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

        4) электрондық дүкен 5 934,2 мың теңге сомасына 22 сатып алу;

5) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 3 518,1 мың теңге сомаға 21 сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Басқарма қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық сервисі.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

           Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

  Талданып отырған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 74 өтініш келіп түсті, оның ішінде  32 өтініш жеке тұлғалардан, 42 өтініш заңды тұлғалардан және 1 ұжымдық өтініш. Қайталанған 1 өтініш тіркелген.

 Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштер келесі негізгі топтар бойынша құрылады:

- оқуға шақыру мәселелері бойынша;

- коммуналдық меншік саласы бойынша;

- коммуналдық мүліктерді жалға беру бойынша;

- еңбек өтілін растайтын анықтама беру бойынша,

- бюджетке қате аударылған төлемдер.

Талдау барысында  өтініштердің  жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілген.

  1. Қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету

Басқарма ақпараттың азаматтарға ашықтық  деңгейі мен дәрежесін арттыру үшін «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңы аясында ашықтық жоспарын бекіткен болатын.

 Жоспарға сәйкес, мемлекеттік органдар «Мемлекеттік органдар бірыңғай интернет-ресурстарының порталында» өз қызметі туралы жалпы сипаттағы ақпаратты, ағымдағы қызметі туралы, оның ішінде азаматтық бюджет,  бюджет қаражатының жұмсалуы, кадрлармен қамтамасыз етілуі, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі, мемлекеттік сатып алудың жүргізілуі және т. б. мәселелер бойынша ақпаратты уақытылы орналастырады.

        

          ҚОРЫТЫНДЫ:

 

 

         

Басқарма басшысы                                                         Н.М.Есенгалиев

 

Басқарма басшысының орынбасары                            М.Г.Айдынгалиев

 

Басқарма басшысының орынбасары

 

                 М.А.Баймаганбетов

Басқарма басшысының орынбасары

 

                  Н.Х.Гайтпаева

Инвестициялық саясат  және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімінің басшысы

                  Ж.Е.Ажахов

Әлеуметтік саланы дамыту бөлімінің басшысы

 

                   И.М.Газизова

Нақты секторын дамыту бөлімінің басшысы

                    Е.Б.Досов

Бюджеттік кредиттеу және кірістер бөлімінің басшысы           

                  Г.С.Джубанышев

Әкімшілік бөлімінің басшысы             

                  А.Р.Ергалиева

Бюджеттік есепті жүргізу, жергілікті бюджеттің жиынтық есебін құрастыру бөлімінің басшысы

Мемлекеттік басқару органдары және        құқық қорғау органдарын дамыту бөлімінің басшысы

                   Н.Л.Кайсагалиева

 

 

                   А.Б.Мурзахметова

 

Бюджет саясаты және  бюджетті жоспарлау, болжау, атқарылуын  үйлестіру бөлімінің басшысы

                   А.Т.Кадыров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 июня 2023