Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 20 сәуір күні Саралжын ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Сайлау қортындысы бойынша Саралжын ауылдақ округі әкімі болып Оразақаев Дәулет Жұмабайұлы сайланды.

Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Жүсіпқали Саралжын ауылдық округ әкімін тіркеу туралы 24 сәуір 2025 жылғы №6 шешімімен таныстырып, жаңа сайланған әкімге куәлігін табыстады.

Оразақаев Даулет Жұмабайұлын «AMANAT партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қаратөбе аудандық филиалы ұсынды.

Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Саралжын ауылдық округінің активіне жаңа әкімді таныстырды.

Аудан басшысы жаңа әкімді құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Оразақаев Дәулет Жұмабайұлы 1991 жылғы 2 наурыз күні Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 1997 жылы мектеп табалдырығын аттап, 2008 жылы Қаратөбе мектеп-гимназиясын бітірген. 2008-2013 жылдар аралығында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша, 2018-2020 жылдары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Тарих» мамандығын аяқтаған.

Алғаш еңбек жолын 2013-2014 жылдары Қаратөбе аудандық ветеринариялық станциясында жастар тәжірибесінен өтуші болып бастап, кейін 2014-2017 жылдары Жусандой ауылдық округінің мал дәрігері, аға мал дәрігері, 2018-2019 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, 2019-2021 жылдары аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы, 2021-2022 жылдары аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және шаруашылық жұмыстары бөлімінің бас маманы, 2022-2024 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, 2024-2025 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, 2025 жылдың наурыз айынан бастап Саралжын ауылдық округінің бас маманы қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 2 ұл, 1 қызы бар.