Саралжында округ әкімінің сайлауы өтуде
Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен Саралжын ауылдық округі əкімінің сайлауы ағымдағы жылдың 20 сәуіріне тағайындалған болатын.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің əкімдерін сайлау бойынша 20 сәуірде Саралжын ауылдық округіне қарасты №281 Қарақамыс сайлау учаскесінде және №282 Сәуле сайлау учаскелерінде округ əкімінің сайлауы өтуде.
№281 Қарақамыс сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 7-де басталып, мемлекеттік гимн орындалды.
Ауыл тұрғындарының сайлауға қатысуы қарқынды. Алғашқы дауыс беруші ауыл тұрғыны Айтолқын Мамышева.
Дауыс берушілер заң шеңберінде өз таңдауларын жасап, сайлауға белсене қатысуда. Ауылдық округ әкіміне кандидат 3 үміткер бар.
Қарақамыс сайлау учаскесі бойынша 657 сайлаушы тіркелген.