«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді қызмет етіп жүрген жанашыр азаматтарымыздың қатарын арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қаратөбе ауданының тұрғындары тазалық шарасында белсенділік танытуда.

Осы орайда, 18 сәуір күні аудан орталығындағы Бекімов, Тоққожин көшелерінің маңын, айналма жол аумағын мекеме қызметкерлері бір кісідей білек сыбана кірісіп сенбілікке атсалысты. Жол жиегіндегі өскен шоғайна мен арам шөптерді, бей-берекет тасталған қоқыстарды шығару сынды тазалық жұмыстарын атқарды. Жалпы 287 мекеме қызметкерлері сенбілікке қатысып, арнайы техникалар жұмылдырылды.

Атқарылған сенбіліктер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.