
Қазақстан Республикасы кубогының күміс және қола жүлдегері
Ағымдағы жылдың сәуір айының 3-6-сы күндері аралығында Грэпплинг UWW -ден жасөспірімдер мен юниорлар арасында Астана қаласында өткен республикалық кубогінде 64 келі салмақ дәрежесі бойынша жарыстың “Грэпплинг ги” түрінен жүлделі екінші және грэпплингтен үшінші орынды иеленген “Қаратөбе арланы” грэпплинг клубының жас спортшысы, атаулы жарысқа облыс атынан жалғыз өзі ғана қатысып жүлдемен оралған Гүлжайна Сұлтанованы әуелі Орал қаласынан Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Аманшаұлы мен «Қаратөбе» спорт клубының директоры Бауыржан Серікұлы, Орал қаласындағы Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі Айсауле Серікқалиқызы және кафедра оқытушылары мен студенттері темір жол вокзалынан қарсылап алды.
Қарсы алу салтанатына қатысқан Батыс Қазақстан облысы бойынша Грэпплинг федерациясының төрағасы Алмаз Ихсанов жүлдегер спортшы Гүлжайна Сұлтанова мен оның жаттықтырушысы Мағжан Шүрменді жетістіктерімен құттықтап, қаратөбеліктерге зор ризашылығын жеткізді.
Содан кейін туған жеріне жүлделермен оралған үздік спортшы Г.Сұлтанованы аудан орталығына кіре-беріс жолдан құрметпен қарсы алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Нұрбол Кеңесов жүлдегер жас спортшы мен жаттықтырушысы Мағжан Шүрменге ризашылықтарын білдіріп, жарыстағы жетістіктерімен құттықтады.