
Мобильді топ қабылдау жүргізді
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» арнайы жобасы іске қосылған болатын. Мобильді топ 19 наурызда Қаратөбе ауданында болып, тұрғындарға қабылдау жүргізді.
Мобильді топтың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа тегін құқықтық кеңес беру, қабылдаулар өткізу болып табылады.
Ғ.Құрманғалиев атындағы Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында өткен қабылдауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Ринат Мұратов, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Артур Батыров және аудандық дербес бөлім, мекеме басшылары тұрғындарды қабылдап, құқықтық кеңестер берді.