Қолөнер туындылары тамашаланды
Елімізде 14-23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі өтуде.
16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні».
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, насихаттау бағытында аталмыш мерекелік күнге орай Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің фоесіндегі Қаратөбе балалар шығармашылық үйі ұйымдастырған көрмені өнер сүйер жұртшылық үлкен ықыласпен тамашалады.
Аталмыш көрмегеҚаратөбе балалар шығармашылық үйінің, «Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының" тәлімгерлері мен үйірмелерге қатысушы мектеп оқушыларының туындалары қойылды.
Мерекелік көрмеге қойылған туындылармен аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы танысты.
Көрмедегі көз тартатын түрлі жанрдағы суреттер мен қолөнер шеберлерінің қолынан жасалып шыққан бұйымдардың мән- маңызымен балалар шығармашылық ұйымының тәлімгерлері Гүл Боранбаева мен Гүлдана Имашева таныстырды.
Көрмеде, тұрмыс- салт жанры бойынша «Әже мен немеренің» әңгімесі тақырыбындағы Нұртас Бисенғожиннің, Гүл Боранбаеваның "Қаратөбе - ән мен жырдың ордасы" тақырыбындағы, Айнагүл Ахметованың «Ата толғауы» - атты, ұлттық нақыштағы интерьер жанры бойынша «Ұлттық киіз үй» тақырыбындағы Иса Ермектің, «Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназиясынан «Ер қанаты - ат» тақырыбындағы Серік Әсеттің, саз балшықтан жасалған Қасымхан Оңғаровтың құмыра және басқа да түрлі ыдыстары, сонымен қатар көрмеде тағы да басқа көптеген қолөнер шеберлерінің керемет туындылары көрініс тапты.