Бүгін облыс әкімінің көмекшісі Е.Өтегеновтің төрағалығымен су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өткізілді.

Бүгін облыс әкімінің көмекшісі Е.Өтегеновтің төрағалығымен су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өткізілді.

Бүгін облыс әкімінің көмекшісі Е.Өтегеновтің төрағалығымен су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өткізілді.

Штаб отырысында сөз алған аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы атқарылған жұмыстарды баяндады.

– Бүгінгі таңда Қаратөбе ауданы мен сегіз ауылдық округ аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарлы жүргізілуде. Дайындық аясында қорғаныс бөгеттері салынып, арықтар мен каналдарды, су өткізу құбырлар толығымен тазартылды. Құм толтырылған қаптар дайындалып, өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, су басу қаупін азайту үшін көшелер және аула аумақтар қардан тазартылып, нәтижесінде қар суынан қауіп азайды. Бүгінгі күні Жақсыбай және Қалдығайты өзендерінде мұз жару жұмыстары жалғасады, - деді. Сонымен қатар Үшағаш ауылына жауапты маман және учаскелік полицияны бекіту, шаруашылық мекеме мамандарын су өткізбейтін киімдермен қамтамасыз ету жөнінде тиісті мекеме басшыларына тапсырды.

Отырыста Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Ернұр Өтегенов еріген қар суынан бірде-бір үй суға кетпеуін, өзендерде мұз жару жұмыстарын жүргізуде, аудан бойынша және әр ауылдық округте тәуліктік кезекшілік ұйымдастыру жөнінде тиісті мекеме басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, тасқынның алдын алу бағытында жүргізіліп жатырған жұмыстарды жалғастыруды қатаң тапсырды.

– Су тасқынының алдын алу мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел қатқару жасағы Шилі өзенінде 500 шаршы м2 мұз кезілді. Ал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері 626 мұз бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, Шилі өзенінде су тасқыны қаупі сейілді. Сонымен қатар Жақсыбай өзенінде де 512 мұз бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, бүгін мұз жару жұмыстары жүргізіледі. Аудан басында Қалдығайты өзенінің ескі арнаға бұру бағында салынған бөгетті нығайту мақсатында жұмыс жасап жатырған Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімінің №2 құтқару батальонынан 15 әскери қызметшілері алдағы күндері жұмысты аяқтап, Қаратөбе аудан іргесінде Ноғай моласы жанындағы Қалдығайты өзен жағалауын бекітеді. Қазіргі таңда аудан бойынша тәуліктік кезекшілік қойылып, алдағы уақытта өзен суы көтірілген жағдайда Қаракөл, Аққозы, Саралжын ауылдық округтеріне қатынайтын өткел жабылып, қатаң бақылауға алатын боламыз. Бүгінгі таңда ауыл ішінде еріген қар суынан төнетін қауіп жоқ, ахуал тұрақты, - деді Қаратөбе аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Искаков